Текст
Көктемгі демалыс кезінде 1-ші сынып оқушыларымен «Көңілді жарыстар! » тақырыбы бойынша тыс іс – шара өткізілді. Қойылған мақсаттар: оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру.
Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көбірек көңіл бөлу керек. Спорттық ойын түрлері адамды ептілікке, жылдамдыққа, денсаулықтың жақсы дамуына , шымырлыққа, мықтылыққа, жігерленуге баулиды.
Балалар барлық жаттығуларды орындап, жақсы нәтижелерге жетті.
Бастауыш сынып мұғалімі: Коспаева А.Ж.