19 сәуір шағын балабақша орталығында сабақ өтті. Тақырыбы: «Саңырауқұлақтар». Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мақсаты: Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға үйрету. Танымын кеңейту, эстетикалық талғамын арттыру. Акварельмен салынған саңырауқұлақ бейнесі, кептірілген жапырақтан жапсырылып саңырауқұлақ бейнесі, дайын ормандағы ағаштар суретінің арасына трафарет арқылы бедерлі (рельефті) мүсінделген саңырауқұлақ бейнесі. Балалар, біз бүгін сурет сабағында «саңырауқұлақтар» тақырыбында үш түрлі жұмыс жасаймыз, саңырауқұлақтың суретін саламыз. Саңырауқұлақтарды жапырақтардан жапсырып бейнелейміз. Сабақ қызық және көңілді өтті. Барлық балалар сабаққа белсене қатысты.
Тәрбиеші: Бақыт Ж.