Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың алуандануына аса көңіл аударып отыр. Сондай мақсатта Бастау ауылы №2 орта мектебінде «Кәсіптік білім беру» кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатты жиынына Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна мен Атбасар ауданы жеке кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Досмағанбетова Роза Мурзабекқызы қатысты. Салтанатты жиынға «Бастау» ЖШС директорының орынбасары Куснутдинов Рамазан Зейнулұлы, «Бастау» ЖШС мал дәрігері Сентябрь Үкібай, ауыл электригі Елеусіз Ғарифолла, мектептің түлегі информатика пәнінің мұғалімі Калиева Әсемгүл Жанатқызы, ардагер ұстаз Бегежанова Батима Жанажолқызы, Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина Слушаш Нұрбайқызы, мектеп мейірбикесі Шопанова Сауле Боранбайқызы қонақтар қатарынан табылып, 11 сынып оқушыларына қандай мамандық таңдау керек екенін айтып, ақыл- кеңес берді. Даярлық сынып оқушылары «Мамандық» тақырыбында өлең жолдарын оқыса, 6 сынып оқушылары «Мамандықтар әні» рэп айтып қонақтар көңілінен шықты. 1-6 сынып оқушылары «Програмист» биін билеп, «Армансыз адам-қанатсыз құс» дегендей Бегежанов Тамерлан «Менің арманым» тақырыбында интербелсенді тақтадан слайд көрсетіп арманы «Дәрігер» болу екенін айтып берді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызы 11 сынып оқушыларына мемлекетке адал қызмет ететін, жақсы мамандық иесі болуды тіледі.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бекей Айнұр.