Текст
Бастау ауылы №2 орта мектебінде 15 мамырда 18-30 сағатта Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі-өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты-отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру. Жиналыс мектеп директорының міндетін атқарушы Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызының «Отбасы күні» мен құттықтау сөзінен басталды. Оқу ісінің меңгерушісі Харахыз Бахытгүл 11- сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау туралы айтып ата-аналарға таныстырды. Сонымен қатар жиналыста ата-аналарға «Бала тәрбиесі» туралы видеороликтер көрсетілді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бекей А.