Дені саудың-жаны сау
дейді халық мәтелі.
Сондықтан да балалар
Сақтайық осы мәнерді
Бүгін дене шынықтыру аптасының аясында Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 сынып оқушыларымен «Ойын тактикасы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: волейбол ойынының қимыл қозғалыс комбинацияларын меңгере алу. Олардың орындалу реттілігін көрсету. Волейбол алаңында допты төменнен қабылдау жаттығуларын жасау.
Сабақ амандасудан, жаттығудан басталды. Волейболдың ережесін есіне салып, доппен жаттығуларды орындады.
- допты оң және сол қолмен сеткадан асыра соғу.
- допты екі қолмен кезек астынан не үстінен қабылдап алу.
- екіден сетка арқылы допты бірі-біріне лақтыру;
- допты екі қолмен соққан допты қабылдап алу
Сабақ соңында
Үйретілген ереже бойынша волейбол ойнау
Қателерін түзеп отыру. Доп лақтыру тәсілдеріне назар аудару
Допты лақтыру тәсілдерін көрсетіп отыру.
Дене шынықтыру мұғалімі Тойшубеков Б.А.