Мамыр айының 25-ші жұлдызы күні мектепте 11 сынып түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау үні» атты мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиын мектеп директорының міндетін атқарушы Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызының құттықтау сөзімен ашылды. Жиынға қонақ болып Бастау ауылдық округінің бас маманы Азамат Қайыржанұлы келді. Оқу ісінің меңгерушісі Харахыз Бахытгүл мектептің бұйрығымен таныстыра отырып, оқу озаттарын құттықтап мақтау қағаздарымен марапаттады. 1 сынып оқушылары түлектерге арнап ән мен тақпақ орындап, үздік оқушылар флешмоп биледі. 11 сынып түлегі Бекболат Ризаның анасы Тоқай Сайрангүл мектеп ұжымына алғысын айтты. 11 сынып түлектері қимастықпен соңғы қоңырауды соғып, соңғы сынып сағатына барды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бекей А.