Бастау ауылы №2 орта мектебінде 1 маусым күні «Балаларды қорғау күніне» орай мерекелік іс шара өтті. Іс шара «Айгөлек» мектепжанындағы алаңқайдың ашылу салтанатымен жалғасты. Мерекелік іс шара «Жаса Қазақстан» тақырыбындағы флешмоб биімен басталып, мектеп директорының міндетін атқарушысы Тойшубекова Бақытжамал Ануарбековнаның құттықтау сөзімен 2 снып оқушысы Наурызбай Аружанның «Отан» інімен жалғасты. Мерекеде балалар өз өнерлерін ортаға салды. Түрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаз балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Әсіресе 1 сынып оқушысы Ысқақ Аяулымның «Бақыт» әні, 3-4 сынып оқушыларының орыс халқының биі көрермендер көңілінен шыға білді. Іс шара барысында даярлық тобы бүлдіршіндері де өз өнерлерімен ерекше көзге түсе білді. Түрлі қызықты ойындар ойнатылды, атап айтсақ «Суретті құрастыр», «Дәл түсір», «сыйқырлы орындық» және «Сурет сала білесің бе» тақырыбында сурет салу сайыстары өткізілді.
Бастауыш сынып мұғалімі Нажикенова Ж.Б.