Бастау ауылы №2 орта мектебінде маусым айының 12-сі күні 11 сынып оқушыларына арналған «Жолың болсын, жас түлек!» атты мектеппен қоштасу кеші өтті. Қоштасу кештің қонағы ардагер ұстаз Бегежанова Батима Жанажолқызымен қатар ауыл ақсақалдары болды. Мерекелік кешке ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы белсене қатысты. Кеш мектеп директорының міндетін атқарушы Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызының құттықтау сөзімен басталды. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Харахыз Бахытгүл аттестат тапсыру туралы бұйрықпен таныстырып, көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен терінің жемісі, 11 жыл бойы алған білімінің белгісі Аттестат тапсырды. Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директорының міндетін атқарушы Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызына берілді. Жас түлек Нурлан Асанали мұғалімдерге алғыс айту барысында көзіне жас алып толқып тұрғанын айтты. Бекболат Риза ұстаздарға арнап «Ұстазым» әнін орындап ұстаздар ұжымына шоқ гүлдерін ұсынды. Түлектер «Мектебім», «Бала махаббат», «Достарым» , «Енді қоңырау соғылмайды» т.б. әндерін орындады. Сонымен қатар флешмоб биі мен «Қоштасу вальсі» биледі. «Қызыл аттестат» иегері Зайнулов Ғазизбектің әкесі Әбілхайыр Зайнулұлы мұғалімдерге шығармашылық табыс тілеп, баласына жоғары деңгейде білім бергені үшін алғасын айтты. Мектеп бітіруші түлектердің аналары флешмоб биін биледі. Мерекелік кеш би кешімен жалғасты.