Зу-зу етіп көшеде,
Күн-түн тыным таппайды.
Төрт дөңгелек дөңгелер,
Төрт аяқпен шаппайды.
Түрі, түсі, атауын,
Оңай емес жаттауға.
Қазіргінің тұлпары,
Көлік жүйрік шықты алға.
Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде даярлық тобында қоршаған ортамен танысу пәні бойынша «Көлік түрлері» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Көлік түрлері туралы білім беру.Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту. Ойлау қабілетін дамыту. Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Балалар көліктердің түрлерімен танысып, олардың дыбыстарын ажыратып, суреттерді бояды. Әр бір бала көліктің атауы мен түстер айтты. Бірнеше дидактикалық ойындарды ойнады. Олар «Көлікті құрастыру», «Көліктерді ажырату» ж»не т.б. Сабақта балалар қызығушылығын танытты. Сабаққа белсенді қатыстып, өз білімдерін көрсетті.
Даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова А.Т.