Бүгінгі таңда балалар ата-аналарымен бірге салауатты өмір салтын ұстану жайлы өз көзқарастарын білдіруге құқылы. «Әкем, анам, мен - дені сау отбасымыз!» байқауының негізі салауатты өмір салтын ұстануға сәйкес екендігін балалар өз ойларын білдірді. Барлық балалар бұл байқауға өте жоғары қызығушылықтарымен қатыса алды.. Көптеген жарқын және мазмұнды сурет салу арқылы салауатты өмір салтын дәріптей білді. Әр қатысушы салауатты өмір салтына өз көзқарасы бойынша жеткізуге тырысып бақты: біреу салауатты өмір салтын сабақта және белгілі бір спорт түрлерін насихаттауды жөн көреді, біреу зиянды әдеттермен күресуде, бірақ барлығының пікірі салауатты өмір салты – пайдалы, қазіргі заманның негізгі басты мәселесі деп ойлайды. Салауатты өмір салты-адам денсаулығының басты кепілі. Адам өзінің тамақтануын, дене белсенділігін, өз ойын, басқа адамдармен қарым-қатынасын және т.б. фокуста ұстауы тиіс деп ойлайтындарын білдірді. Осының барлығы аурудың алдын алу және әлеуметтік белсенділікті сақтау мүмкіндігін қамти алады деген ойдамыз. Салауатты өмір салты біздің өміріміздің ең құндылығымыз. Ағзамыздың дұрыс қалыптасуына, ақыл-ой қабілетіміздің дамуына, көңіл-күйіміздің көтеріңкі жайдарлы болуына оң әсер береріне сенімдіміз.
ш/о тәрбиешісі Куснутдинова З.К.