Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде мектепалды даярлық тобының және «Балапан» шағын балабақша орталығында қоштасу кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты балаларды мектепалды даярлық сыныбынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Бүлдіршіндер музыка әуенімен кіріп, тақпақтарды айтты. Бірнеше тапсырмаларды орындап, берілген әріптерден өз есімдерін жазды. Балалар өз өнерлерін көрсетті. Шағын балабақша орталығының бүлдіршіндері «Джентельмен» би, «Жаяу» биін, «Тәрбиеші» және «Қош бол, балабақша»әндерін орындады. Даярлық тобының балалары «Достық» және «Оқуда озат боламын» атты әндерін орындап, «Флешмоб» және «Көбелек» билерді көрсетті. Іс-шараның соңында бүлдіршіндерге мадақтамалар және кішкентай сыйлықтар тапсырылды. «Қоштасу кеші» өті қызық және көңілді өтті. Балалар іс-шараға жақсы көңіл күйімен белсенді қатысты. Бүлдіршіндерге ақ жол тілейміз.
Даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова А.Т.