Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
Біздің мектепте Балалар күніне орай керемет концерт өтті. Концертті амандасу тренингтен бастадық. Балалар «Алақай, жаз келді!», «Бақыт деген», «Көңілді күн», т.д. Кішкентай бүлдіршіндер «Ерке қыз» әнін шырқады. Бірінші сынып қыздары үндін биін керемет биледі. Балаларға қызықты жұмбақтар жасырып, белсенді «Батпақ» ойынын ойнадық. Қызықты ойындар ойнап, тамаша көңіл күймен мерекені өткіздік. Балаларға барлығы ұнады.
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз
Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б
Бастауыш сынып мұғалімі Тойшубекова Б. А