Мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша «Тілдер»онкүндігінің ашылуы болды.
Ана тілің ары бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,- деп Қ.Мырзали ағамыз айтқандай көп тілді білу бүгінгі заман талабы бірақ өзь ана тіліміз- қазақ тілін бәрінен тұғырын биік ұстап, тілімізге деген ілтипатымыз жоғары болу керек деп ойлаймын.Оқушыларымыз тілдер апталығының ашылуында қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілінде өлең, тақпақтарын, нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерді нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.Мұғалімдер мен оқушыларды тілдер онкүндігінің жоспарымен жүргізілетін іс-шарамен таныстырылды. Атап айтар болсақ: сынып сағаттар , мәнерлеп оқу сайыстары, интеллектуалды ойын байқаулар, сурет салу , көркем әдебиет көрмесін ұйымдастыру т.б . іс-шаралар өтілетіндігі хабарланды. Бұл іс-шараларға белсене қатысуларына тілектестік білдірдік.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Хамбар С.