Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» алаңқайы шаттық күлкіге толды. Лагерьдің ІІ-ші ауысымы ашылды. Балалар би билеп, көңілді өлеңдер айтып , жұмбақтар сайысы мен спорт сайысына белсене қатысып, қорытынды кезінде «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбына сай асфальтта сурет салды. Осымен лагерьдің ашылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті. Демалыс күндеріңіздің көңілді де, қызықты болып өтуіне атсалысып, жақсы демалуларыңызға тілектеспіз.
Бастауыш сынып мұғалімі : Коспаева А.Ж.