«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауылына қарап азаматын таны»

16.06.2022

Жалпы көбіне-көп, әсіресе, өнер қайраткерлері, әнші немесе саяси белсенділер жұрт жадында жылдам жатталып, тарих дәптерінде есімдері алтын әріптермен жазылып жататынын білеміз. Ал еңбек пен бейнеттің арқасында келген беделмен мұндай абыройға жету қиынның қиыны. Дейтұрғанмен де бүгін таңда осындай үдеден шығып жүрген жігерлі жандар да бар.  Бастау  ауылын ел-жұрт қай кезде де бірлігі тарқамаған берекелі ауыл ретінде таныған. Берекелі деп екпін түсіріп айтуымыз да бекер емес. Аудандағы жалғыз тірек ауылы саналатын белбасарлықтардың бүгінгі ісіне қарап, сүйсінбеске амалыңыз қалмайды. «Ауылына қарап азаматын таны» деген сөз бар қазақта. Міне, осындай азаматтардың бірегейі ретінде Құрметті азаматымыз   Темірхан Каппасұлын  атап өтуге болады.
 Бастау ауылының әлеуметтік өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Қажетті жерде ауылдастарының игілігі үшін жасалатын кез келген ортақ іске демеушілік танытудан да тартынып қалған тұсы жоқ. Қалтасы қалыңдаса жүріс-тұрысы өзгеріп шыға келетін әлдекімдерге қарағанда, керісінше жерлестерінен оның табиғаты мүлде бөлек екенін естисіз. Олай болмағанда ше?. Одан қала берді ауылдағы әбден тозығы жеткен  мәдениет үйінің  бой көтеруіне де өз үлесін қосып жатқаны бәрімізге белгілі . Сонымен қатар мектеп жанындағы балабақша шағын  орталығындағы  балалардың  толық   қамтамасыз  етілуін өз жауапкершілігіне алып отыр. Биылғы  оқу жылындағы  мектебіміздің жылы болуына бір ден бірден Темірхан Каппаұлының  үлесі зор деуге болады. Биылғы  оқу жылында  балалар өздерін мектепте еркін  сөзініп жылы жайлы  мектепте жақсы көңіл  күймен оқуды аяқтады. Қай  уақытта барсаң да  есігін  айқара ашып  көмек қолын  созудан  аянбайды. Сонымен қатар үнемі өз іс – тәжірибесімен бөлісіп  ақыл  кеңеңсін айтып отырады. Ізгі іске ұйытқы болған азаматқа жоғарғы  әкімдіктер мен  тұрғындардың атынан алғыс айтылып, құрмет те көрсетілді. Бастаудағы көпке үлгі болар істің бәрі де ауылдың ажарын тайдырмай, берекесін сақтап отырған   Темірхандай азаматтардың жігері болса керек-ті. «Ұлы адамдар тірлігінде өз бейнесін өзі сомдайды, ал тұғырға кейінгі ұрпақтары орнатады» деген сөз бар. Сол айтпақшы, мақала кейіпкері  Темірхан Каппасұлы шынында да бүгінгі күннің өзінде халыққа берерін бере білген, өз бейнесін өзі сомдаған, үлкен іс тындырған айтулы азамат. Ең бастысы, ол жерлестеріне адал қызмет етті, ал ауылдастары сүйікті перзентінің елге жасаған еңбегін ерекше бағалап, басына көтеріп құрмет тұтуда.
Әрбір адамның туған жері, ауылы – жер бетіндегі ең қадірлі мекен екенін ешкім де теріске шығара алмас. Иен далада елегізіп қарап тұратын шағын ауылдар төл тумасын үлкен арнаға қосатын ұлы қасиетін әлі де жоғалта қойған жоқ.. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ауылдықтардың дені берекелі момақан даладан ию-қиюы мол, даңғаза қалаға кетуге құмартып тұрады. Ал, ауылды жерді өгейсінбей, туған жердің түтінін түзу түтетуді жөн көрген ауыл азаматтары тым сирек. Солардың да алдыңғы қатарында Темірхан ағамыз тұр. Қалай дегенде де ауылы үшін аянбай еңбек еткен арда азаматтар елеусіз қалмаса дейміз.Темірхан  Қаппасұлына өз атымнан және ұжымның атынан  алғыс айтып  отбасына амандық  шаңырағына шаттық , немерелерінің  қызығын  көріп   жұмысы жемісті болуынак тілектеспін.

 

 

Бастау ауылының  №2  ЖОББМ  директорының м.а.   Б. Харахыз

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст