«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы«Айгөлек» жазғы алаңқайының күндері ерекше түрде өтіп жатыр. «Жас жүргіншілер» тақырыбы бойынша викториналық сұрақтар арқылы балалардың білімдері анықталды, балалар жол жүру ережесін, қауіпсіздік ережесін жақсы біледі. Жапсырмалау әлеміне топпен саяхат жасап «Жайдарлы жаз!» тақырыбына байланысты балалар коллаж жасады.
Лагерь кез келген балаға өзін көрсетуге,өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Жазғы демалыс күндері балалар үшін өте жақсы көңіл күйде өтіп жатыр.
Ауысым жетекшісі Коспаева А.Ж.