Текст
Тіл мектебі өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі өтілген тақырыбымыз “How to think in English ? ” “Ағылшынша қалай ойлануға болады ? ” Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша ағылшын тіліндегі ой формаларымен танысты. Ағылшындардың көз қарасымен қалай ойлану керектігін түсінді. Speaking дағдыларын дамытты. Ағылшын тілінде ойланып диалог құрып әңгімелесті. Ағылшынша сөйлеуді оқушылар тек аудару керек деп түсінбеуі қажет. Олар өз ойларын айтып ойланғанда ағылшындар сияқты көзқараспен ойлануы керек. Сонда барып оқушылар ағылшынша еркін сөйлей алады. Олардың миындағы шет тілдерін үйренуге жауап беретін саласы дамиды. Ағылшынша сөйлеу ол тек сөздерді жаттап алу емес. Оларды қолдана білуі қажет.
Ағылшын тілі мұғалімі: Ерболат Тогтал