Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балақай мектебі» жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі мақсат: балалардың танымдылық қабілеттерін және оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, дыбыстарды дұрыс айтуды бекіту, жазудың гигиеналық ережелерімен таныстыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Мақсатқа жету үшін балалар танымдылық тапсырмаларды қызықтыра орындады, суреттерді әріптермен сәйкестендірді, математика пәнінен өрнектерді шығарып, онға дейін санау, тура және кері санау, сандардың көршілерін тауып атау деген тапсырмаларды орындап шықты. Жазу дағдыларын қалыптастыру үшін түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балалардың күндері жақсы көңіл-күйде өтіп жатыр.
Бастауыш сынып мұғалімі Нажикенова Ж.Б.