Жүсіп Баласағұн айтқандай «Білім адам баласының ортақ қазынасы» адамның білімсіз өткен бір күні бос күн. Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні дей келе Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде білім күніне арналған дәстүрлі жиын өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Салтанатты жиынымызды ашу үшін Мектеп директорының м.а. Харахыз Бақытгүлге құттықтау сөзі берілді. Сонымен қоса ауыл әкімі Қайыржан Азамат, 1 сынып оқушысы Ханай Таупқтың әжесі мектеп оқушыларын және ұстаздарымызды мерекесімен құттықтады. Іс-шарада бірінші және он бірінші сынып оқушылары тақпақ өлеңдер айтты.
Баршаңызды бүгінгі білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларға тек қана сәттілік тілеймін!
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Азимхан Б