Қыркүйек айында Қазақстанда дәстүрлі түрде Қазақстан халқының Тілдер күні аптасы өтілді. Мерекенің мақсаты-Қазақстанның көпұлтты халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, балаларды өз халқының ғана емес, еліміздің кең даласында мекендейтіндердің барлығының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Біздің мектепте Қазақстан халықтарының «Тілдер апталығы» салтанатты жалпымектептік ертеңгіліктен және ҚР Әнұранын орындаудан басталды. Хамбар Сайрагүл оқушыларды тілдер апталығын өткізу жоспарымен таныстырды. Жүргізушілер барлық қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтады. Олар біздің республика аумағында дамып келе жатқан және әрекет ететін тілдер туралы айтып берді.
Оқушылар үлкен қызығушылықпен тапсырмаларды орындады, өлеңдер оқыды, әртүрлі тілдерде өз пікірлерін білдірді.
Барлық жоспарланған іс-шаралар оқушылардың белсенді қатысуымен жақсы деңгейде өтті .Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерді әдеби мұрамен таныстыру үшін өте маңызды және қажет. Қорытынды жасалды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.Қазақстан халықтарының Тілдер апталығы аяқталды, бірақ оқушылардың жадында өткізілген іс-шаралардың мерекелік көңіл-күйі сақталды. Балалар, Қазақстан – біз қай тілде сөйлесек те, ортақ үйіміз екенін атап өтті. Бұл туралы ұмытпауымыз керек. Балаларды ел халықтарының тілі мен мәдениетіне деген құрметке баулу үлкен құлшыныспен жүзеге асырылуда...