«Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондай ұлағатты ұстаздың бірі Бегежанова Батима Жаңажолқызы. Мектебіміздің мақтан тұтар, ардақты да аяулы мәртебесі биік ұстаз. Оқушыларға білім беру жолында ұрпақтың болашағы, халқымыздың келешегі үшін еңбек етуде. Көп жылдар бойы ұстаздықпен қатар мектеп директоры қызметін атқарды. Өз маманының иесі. Әр уақытта оқушы жанынан табылып көмек қолын созуға дайын жан. Әріптестері арасында беделді, ұжымды алға жетелеген жетекші қатарында болды.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Ержүрек ұстазымыз Бегежанова Батима Жаңажолқызын кәсіби мереке қарсаңында шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін.
Оқу ісінің меңгерушісі Бекей Айнұр