Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – мұғалім.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек.
Ендеше Бастау ауылы №2 орта мектебінде ұстаздық еңбек жолын бастаған математика пәнінің мұғалімі Искакова Гульден Тлеуғабылқызы туралы сөз етпекпін .
Гульден Тлеуғабылқызы - ұлағатты ұстаз ғана емес, перзент тәрбиелеп отырған - аяулы ана. Қазіргі уақытта мектебіміздің арасында сыйлы, ұлы ұстаз.
Жан дүниесіне үніле қарасаңыз білімді терең ойлы, тұла бойы тұнып тұрған талант иесі.Нағыз шебер ұстаз болу үшін уақыт пен еңбек, балаға деген сүйіспеншілік керек. Осы ұлағатты жолда ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың мына сөздерін өзіне басшылық алатын : «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады Гульден Тлеуқабықызының әр бір жүргізген сабақтарының жаңашылдығы ерекше Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап дәлелдейді..
Қорыта келгенде нағыз жаңашыл ұстаз. Себебі, мен әр сабағын оқушымен қарым - қатынасты, олармен сөйлеу мәнерін, сабақты ашып түсіндіру, оқушының бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан - жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қарайды. оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөледі
Қорыта айтқанда, әр мұғалімнің алдындағы мұраты – өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әр оқушыны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті.
Құрметті Гульден Тлеуқабылқызы сізді келе жатқан төл мерекеңізбен шын жұректен құттықтап. Жұмысыңыздан шығармашылық табыс тілеймін.
Мектеп директорының м.а. Харахыз Б.