«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.
Осындай білікті де білімді ұстаздарымыз өз уақыттарын аямай, шәкірттерімізге білім нәрін беріп келе жатқан ұстаздарымыздың бірі мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Хурамхаз Жимсбэк жайлы болмақ Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтарын тәрбиелеп , білім беру мақсатында еңбек етіп келе жатқан аяулы ұстаз. Әр оқушының жан дүниесіне үңіліп, сырласа біліп , олардың жүректеріне жол табуып , ата-аналардың көңілін таба біледі. - Осының бәрі ұстаздардың ерең еңбегі. Жимсбэк ұстазымыз тарих пәнін сабақ береді. Талай жарыстарға қатысып жеңімпазда атанған. Оқушылары қатыссқан іс шарада үнемі жүлделі орынмен оралады. Жаңашыл ұстаз жүргізген сабақтарынан үнемі жаңашылдық көреміәз Қорытындылай келе айтатыным « Шәкірттің жүрегіне жол таба білген Ұлағатты ұстаздар» көп болғай !!! Құрметті Жимсбэк мұғалім келе жатқан төл мерекеңізбен сізді шын жүректен құттықтап толағай табыстарға жете беріңіз.
Мектеп директорының м.а. Харахыз Б.