12 қазан күні шағын балабақша орталығында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директорының м.а. Харахыз Б. 2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі салада болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері шағын орталықтың ішкі тәртібі бойынша жұмыстар айтылды. Шағын балабақша орталығындағы ұйымдастырушылық жұмыстарына тоқталып, ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап береді. Тәрбиешілер күн тәртібіндегі мәселелерді толықтай қамтып, 2022-2023 оқу жылындағы тәрбиелеу білім беру ұйымдастыру арқылы іске асырылатыны жөнінде түсінік берді.
Шағын орталығының тәрбиешісі: Куснутдинова З. Қ
Бақыт Жанерке