Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып – теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде мектепалды даярлық тобының «Алтындай, сары күз» атты мерекелік іс-шара өтті. Бүлдіршіндер ата-аналарға, ұстаздарға, қонақтарға өз өнерлерін көрсетті.
Іс – шараны балалар күз туралы тақпақтардан бастады. Қыздар «Көбелек» биін, ал ұлдар «Заманауи» биін биледі, күз туралы әндерді орындады. Барлық бүлдіршіндер күз сән үлгісін, ата-аналармен бірге жасалған қолөнерлерін көрсетті. Мектеп директорының міндетін атқарушы Харахыз Бакытгул бүлдіршіндерді күз мерекесімен құттықтап, балаларды мадақтамамен марапаттады. Ертеңгілігіміз өті қызықты және көңілді өтті. Барлық бүлдіршіндер іс-шараға белсенді қатысты.
Даярлық тобының мұғалімі Тойшубекова А.Т.