Мектебімізде 21.10.22ж күні Республика күніне орай «Отаным-Қазақстан» атты концерттік іс – шара өткізілді.Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев 2022 жылдың маусымның 16 күні Ұлытаудағы өтілген Ұлттық құрылтай отырысында 25 қазан Республика күнінің мәртебесін беріп, ұлттық мереке ретінде тойлануды атап айтқан еді. Республика күні 1990 жылы 25 қазандағы Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданған тарихи күнмен байланысты екенін білеміз.Декларацияның айрықша рөлі Қазақстан алғаш рет өзін, өзінің дүниетанымы, жеке салт-дәстүрлері , сондай-ақ болашағы туралы көзқарасы бар бірегей ел екендігін жариялады. Бұл күнді мереке күнтізбесінде жаңғырту- бұл өз бастаулары мен сабақтастығын мойындаудың ,тарихи еңбегімізді,халқымыздың мемлекетік тәуелсіздік жолындағы ерік- жігерін құрметтеудің символы екені белгілі. Республика күні көпұлтты Қазақстанның барлық халықтарының татулығын,бірлігі мен келісімін білдіреді. Отанға деген сүйіспеншілік мектеп оқушыларынан бастау алып, халқымыздың бойынан берік орын алу керек деп ойлаймын. Мектеп директорының м.а. Харахыз Б . ұстаздарды , ата- аналарды, оқушыларды мерекемен құттықтап, ең бастысы зор денсаулық, шығармашылық табыс, еліміздің өркендеуіне үлес қосуымыз жайлы тілегін білдірді. Мектебімізде Республика күніне орай әнұранымыз орындалып, балабақша бүлдіршіндерінен бастап, бастауыш сынып оқушылары, орта буын, жоғары сынып оқушылары патриоттық әндер мен өлеңдерді нақышына келтіре орындады. Патриоттық әндерге би билеп, Отанымызға деген сүйіспеншіліктерін білдіре алды. Іс- шара жоғары деңгейде жақсы өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хамбар С.