«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эстетикалық цикл пәндерінің апталығы

14.11.2022

  2022 жылдың қараша айының 7-11 аралығында эстетикалық цикл пәндерінің (музыка, көркем еңбек) апталығы өтті. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Капышева Аймгуль Хамитқызы апталықтың ашылуында 7-11 қараша аралығында қандай іс-шаралар өтетінін айтып құрылған жоспармен таныстырды. Пән мұғалімдері Капышева Аймгул Хамитқызы мен Бекей Айнұр апталықтың ашылу жиынында оқушыларға тақпақтармен қатар мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешу тапсырмаларын орындатты. Қараша айының 9 күні 5 сыныпта  музыка пәнінен «Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері» (Бесік жыры) тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: тұрмыс-салт әндерін нақышына келтіре орындау, тұрмыс-салт әндері туралы түсініктерін кеңейту. Қараша айының 11 күні 5 сыныпта  көркем еңбек пәнінен «Ою- өрнектің түрлері мен қысқаша тарихы.Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Ұлттық ою-өрнекті қию, оюды ою жолдарын үйрету, қол өнер туралы түсініктерін кеңейту. Сонымен қатар апталық аясында 5-6 сыныптар арасында «Қазақтың халық әндерін насихаттау», 8-9 сынып қыздары арасында «Қанекей, қыздар!» тақырыбында тәрбие сағаттары жүргізілді. Эстетикалық цикл пәндерінің апталығын қорытындылау үшін шағын жиын өткізіліп, мектеп директорының міндетін атқарушы Харахыз Бахытгүл апталыққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.

 

ӘБ жетекшісі Капышева А.Х.

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст