01.12.2022
Бүгін желтоқсанның 1-і дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Қазір Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 30 мыңнан астам жан тұрады деп хабарлайды. Дәрігерлердің айтуынша, бұрындары ВИЧ инфекциясы негізінен нашақорлардың арасынан көптеп табылатын. Қазір науқастардың саны біршама өскен. Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру, барысында 6-11сыныптарға мектеп мейірбикесі Шопанова С. Б және тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б "Өмір, сен маған қымбатсың" тақырыбында дәріс оқып, әңгіме жүргізді