Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы шағын балабақша орталығы. Тақырыбы: «Жүк көлігі» Мақсаты: Үлкендер дайындаған бөлшектерді орналастыру және жабыстыру қабілетін қалыптастыру. Суретті қажетті бөлшектерімен толықтырып, шеңбер геометриялық пішінін тани білуді, пішіндерді көлемі бойынша ажыратып үйренуді бекіту. Қолдардың моторикасын, желіммен, майлықпен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, аппликациямен жұмыс жасауға деген құштарлыққа және іздестіру қызметіне тәрбиелеу. Балалар сабаққа белсенді қатысып, сабақ қызықты және көңілді өтті. Балалар риза болды.
Ш/о тәрбиешісі: Куснутдинова З.К