Бастау ауылы №2 орта мектебінде желтоқсан айының 11- күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай «Желтоқсан -тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Мерекелік концерттің мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу болып табылады. Мерекелік концертке әр сынып ән, тақпақ, би дайындаумен қатар, қабырға газетін шығарды. 1 сынып тақпақ, 2 сынып «Менің Қазақстаным», 3 сынып «Отан» әні, 4 сынып «Көк тудың желбірегені», 5 сынып «Жаса Қазақстаным»,6 сынып би, 7 сынып оқушысы Наурызбай Іңкар, 9 сынып қазақ биі, 8 сынып «Атамаекен» әнін орындап мерекелік концертті қортындылады.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бекей А.