Бастау ауылы №2 орта мектебінде желтоқсан айының 12-і күні аға тәлімгер Бекей Айнұрдың ұйымдастыруымен Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиыны өтті. Жиынға мектеп ұжымы мен оқушылары белсене қатысты. «Жас Қыран» -ға үшінші, төртінші сынып оқушылары қабылданды. Олар Хапай Жазира, Амангельдинов Жалғас, Көкенай Досхан, Жанарбек Ақбота, Тилеген Жоламан қабылданса, «Жас Ұлан»-ға бесінші сынып оқушылары Жандос Абзал, Амангелді Ерқанат, Салимжанова Аида, Жарденбек Серікжан, Тойшубеков Азамат қабылданды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Тойшубекова Бахытжамал Ануарбекқызы Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданған ұлдар мен қыздардың мойынына галстук тағып құттықтады. Салтанатты жиын әнұранмен аяқталды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бекей А.