Текст
Жаңа жыл — қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Бүгін мектебімізде 5-7 сынып оқушылар арасында "Жаңа жыл -2023 " құтты болсын атты жаңа жылдық ерекше мерекелік іс -шара өтті. Іс шараға барлық оқушылар және ата -аналар қатысты. Оқушылар әр кейіпкердің рөлдерін ойнап өте қуанышты болды. Келіп жеткен жаңа жылымыз құтты болсын!