Текст
Бастау ауылының N2 жалпы орта білім беретін мектебінде қаңтар айының 27 күні "Зияткер" дебат үйірмесінің дебатшыларының қатысуымен "Табиғаты көркем Бурабай мен Жұмбақтас жерлеріне демалуға тыйым салу керек пе?" тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Дебатшылар "Жақтаушы" және "Даттаушы" екі жақ болып, пікір алысып, оларға "Төреші" топ әділ бағасын беріп отырды. Дебаттың тақырыбы толық ашылды. Екі жақ белсене қатысты. Бұл дебат жұмысы әлі де жалғасын табады. Дебатшылар Бурабай жеріне арналған бірнеше видеороликтерді тамашалады.
Дебат жетекшісі Кенжебаева З.К.