Текст
Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы шағын балабақша орталығы. Бала есін біле бастаған уақытта мидың екі сыңарын дамытуға жұмыс жасауымыз қажет. Нейрогимнастика – саусақ арқылы жасалатын ми сыңарын дамытуға арналған жаттығу. Нейрогимнастиканы жасағанда ми бұған қарсыласып, бала алғашында жаттығуларды түсінбей, жасай алмай қиналады. Күнделікті нейрогимнастикамен жұмыс істеу барысында біртіндеп үйренеміз. Нейрогимнастиканың құдіреті өте күшті. Өйткені біздің саусақтарымыз мидың нейрондарын қозғайды, оның дамуына әсер ететін мүмкіндігі бар. Балаларға өте қызықты болды.
Шағын орталығының тәрбиешісі: Бақыт Жанерке