Бастау ауылының № 2 ЖОББМ 15- ші ақпан күні, 2 сыныпта жоспар бойынша дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Көрнекті ойындар». Қойылған мақсаттар : Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсіну. Қозғалыс қызметіндегі жаттығулар жинағын орындау.
Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» немесе «Бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Сондықтан балалардың денсаулығына көп көңіл бөлеміз , ол үшін әр сабақта қимыл-қозғалыс ойындар , бой жазу жаттығулар және жалпы дамыту жаттығулар, доптармен түрлі-түрлі жаттығулар үнемі орындалып жүреді. Осымен қатар балалардың білімін және белсенділігін арттыру үшін спортқа байланысты «Мақалды жалғастыр», «Тауып көр» , «Картопты отырғызу», «Күн мен Түн », «Ақ серек , көк серек ». «Балықшы мен балық» деген ойындар жүргізілді. Балаларға сабақ өте керемет ұнады.
Бастауыш сынып мұғалімі : Коспаева А.Ж.