Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ бастауыш апталығы бойынша 2 сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен "Қуанышты күндер" тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ барысында көптеген әдіс - тәсілдер қолданылды. Атап өтсек : " Ой шақыру", "Топтастыру", "Қосымша ақпарат " т.с.б. әр сабақтың кезеңі дескриптор арқылы бағаланды және балалар өздерін "Транспортир" арқылы бағалады. Сабақ өте қызықты түрде өтті . Балалар белсенділігін таныта білді.
Бастауыш сынып мұғалімі : Коспаева А.Ж.