Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асырабілуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу. Біздің еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға деп тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Бақытгүл оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Азимхан Б