«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Жеңістің 78 – жылдығына арналған 6 – сынып оқушыларының қолөнері

28.04.2023
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына  78 - жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Сол себепті де  6 – сынып оқушылары Жалғас өз қолынан танктер мен жауынгерлерді жасаса, Досхан пулемет жасап, Нұрхат пен Сұлтан танктерді қағаздан жасап, өздерінің шеберліктерін көрсетті. Ал, әдемі қыздарымыз да Анар мен Аружан өз қолдарынан бекініс үшін ағаштар жасаса, Ақбота мен Жазира әкелерінің көмегімен танктер жасап әкеліп, өздерінің  шеберліктерін көрсетті.  Балалар , бұл жеңістің қазақ еліне оңай келмегенін түсінеді. Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.  9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 78   жыл өтті. 
9 – мамыр Жеңіс күні құтты болсын!
 
Сынып жетекшісі Кенжебаева Зухра Куанышбековна
Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст