Мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша ағылшын тілі пәнінің онкүндігінің ашылуы болды. Ағылшын апталығы оқушылардың осы уақытқа дейінгі алған білімдерін көрсетуге зор мүмкіндік. Ағылшын апталығының мақсаты оқушалардың ағылшын тілінде сөйлеу, есту, жазу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар өз ойларын ағылшын тілінде жетік меңгеруге талпыныс беру. Онкүндіктің ашылуында оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Ағылшын тілінде өлең, тақпақтарын, нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерді оқыды. Мұғалімдер мен оқушылар тілдер онкүндігінің жоспарымен жүргізілетін іс-шарамен таныстырылды. Атап айтар болсақ: сынып сағаттар, қабырға газетін салу, бастауыш сыныптар үшін “My Favourite Cartoon Hero” суреттер сайысы, сонымен қатар 7-9 сыныптар үшін “Why do we learn English?” тақырыбына эссе жазу және т.б . іс-шаралар өтілетіндігі хабарланды. Бұл іс-шараларға белсене қатысуларына тілектестік білдірдік.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елгел А.