Бастау ауылы №2 орта мектебінде 2017 жылдың 15-і желтоқсан күні Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай «Тәуелсіз елім!» атты мерекелік концерт өтті. Концертке барлық сыныптармен қатар «Балапан» шағын балабақша орталығының оқушылары қатысты. Балабақша бүлдіршіні Маданова Аяулым «Аққу» биін билеп көрерменді қуанышқа бөледі. Балалар өз еліне деген сүйіспеншілігін тақпақ өлең арқылы жеткізді. Концертті 10 сынып оқушысы Нұрлан Асанәлі «Қазақтай ел қайда» әнімен ашса, Сентябрь Әлемнұр мен Бекболат Риза «Детство» биін билеп көрерменді қуанышқа бөледі. Мерекелік концертте патриоттық әндер орындалып, өлеңдер оқылды. Концертті 5 сынып оқушылары «Атамекен» әнімен аяқтады. Ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы оқушыларға шығармашылық табыс тіледі.