Көптен күткен күн, бірінші сыныпқа қабылдау мерекесі келді! Бүгін 1 сыныпта салтанатты күн. Бір айдан астам уақыт балалар мектепте оқыды. Біз оларды бөбектер, мектеп жасына дейінгілер дейтінбіз, ал енді оларды: «Бұл оқушылар» дейміз. Бүгін аудандық мәдениет үйінде екінші жыл «бірінші сыныпқа қабылдау» дәстүрлі мерекесіне жиналдық. Керемет ұйымдастырылған мерекелік іс- шарада әртүрлі билер билетіп, ойындар ойнатып, әндер мен ертегі қотсетіп әр оқушының көңілін көтерді.
Мұғалім біздің анамыз
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз – деп оқушыларды аудынның білім бөлімінің жетекшісі Наймушина Наталья Георгииқызы құттықтау сөзін айтты. Мерекенің соңында ертегі кейіпкерлері оқушыларға тәтті сыйлықтар таратты. Бүгінгі тойымызда біздің балалар бір жасап қалды.