Текст
Жыл сайын біздің мектеп оқушылары ағылшын тілінен өтетін «British Bulldog» ойын сайысына қатысады. Биыл мектебімізден 7 оқушы қатысты. Олар: 3 сынып оқушысы Сарбалаков Дидар, 4 сынып оқушылары Салимжанов Бектас пен Көкенай Ақерке, 6 сынып оқушысы Рахманова Камила, 8 сынып оқушысы Байболат Мейрам және де 9 сынып оқушылары Шопанова Мадина мен Зайнуллов Ғазизбек. Оқушылар ағылшын тілінде мәтіндерді тыңдап, сұрақтарға жауап берді, мәтіндерді оқып, сөйлемдерді толықтырды және суреттермен жұмыс істеді. Сайыстың қорытындысы бойынша 3 сынып оқушысы Сарбалаков Дидар мен 4 сынып оқушылары Салимжанов Бектас пен Көкенай Ақерке 3 орындарға ие болды, ал 9 сынып оқушысы Шопанова Мадина 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!