Текст
Бүгін 2023 жыл 12 мамыр күніАқмола облысы бойынша білім басқармасы басшысының нұсқауына сәйкес Бастау ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде терроризмге қарсы қорғау бойынша оқу-жаттығулар жұмысы жүргізілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде жүргізілді:
мектеп қызметкерлеріне, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттер)сәйкес нұсқама беру;
алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру;
қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру;
техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда олардың жедел әрекет етуін тексеру.