«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰБТ онлайн семинар

08.02.2017

  2017 жылдың  1  ақпанында  мектебімізде ата –аналар мен  11 сынып оқушыларына арналған онлайн -  семинары өтті.  Семинарға  11 сынып бітіруші түлектер пән  мұғалімдері  мен  ата –аналар қатысты. Семинардың  негізгі мақсаты биылғы жылңы жаңа форматты ҰБТ  жайында сөз болды.

Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық

сағат беріледі.

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет. Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.

Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары

1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?

2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?

3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?

Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 (балл); Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.

Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; 

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы

(2 мәтін, 200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.

 

 

Тапсырма саны

Тапсырма формасы

Бағалау объекті

1- блок

Математикалық сауаттылық

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Функционалды сауаттылық, логика, сандық салыстыруға тапсырмалар

Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына рефлексия, талдау жасай білу,

салыстыру және т.б.

Қазақстан тарихы

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді білу

 

Бейіндік пәндер (әрбір

мамандық бойынша екі пән)

 

1 бейінді пән

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

 

10

Ұсынылған көп тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

 

2- блок

2 бейінді пән

20

Ұсынылған бес тапсырманың  бір дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

10

Ұсынылған бес тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып

Пәнді терең білу (меңгерудің ілгері деңгейі), кең ауқымды дағдылану

Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді

Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.

Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргізеді.

Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.

Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде өткізіледі.

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ)

ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша

қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.

Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалады.

ЖОО-ның  барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы,  математика + физиканы тапсыру

кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар). 

Бейінді пәндер

Мамандықтар саны

1

Математика + физика

52

2

Математика + география

18

3

Тарих+ география

7

4

Биология + химия

22

5

Биология + география

12

6

Шет тілі + тарих

11

7

Оқыту тілі және әдебиет (қазақ немесе орыс) + тарих

7

8

География + шет тілі

4

9

Химия + физика

5

10

Тарих + Адам. Қоғам. Құқық

4

11

Шығармашылық емтихан

33

Барлығы

175

Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау    10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.

 

Ата –аналарға барлық сұраұтарды жеке айтып ашып талдап отырып түсіндірдік.

 

 

 

 

Просмотров: 683


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст