Текст
2017 жылының 5 қаңтар күні «Шылым шегудің зияны» дөңгелек үстел өтті. Сынып сағатын Искакова Гүлден Тлеугабылқызы өткізді. Іс-шараға 9 сынып қатысты. Тәрбие сағаттың мақсаты- шылым шегудің зиянды әсерлерін ашу,оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру. Оқушылар тәрбие сағатта ситуациялық сауалдар, темекі шегуден жирендіретін нақыл сөздерді талқылады. Екі топқа бөлініп мұғалімнің сұрақтарына жауап берді. Оқушылар бұл сабақта көп мағлұмат алды және әрқайсысы өмірде пайдаланатынын айтты.