Текст
Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі нүктеленген зат бейнесін, фигураларды нүктелер үстін сызып, қолын жаттықтырады. Көркем жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының көмегі қажет. Бұл: қалам, қарындаш, бор сияқты құралдар. Көркем жазу ережелеріне назар аудару керек: дәптердің дұрыс орналасуы, баланың дұрыс отыра білуі, қолдың дұрыс қозғалысы, т.с.с Көркем жазудың мақсаты- дұрыс , анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні зор.
Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина С.Н.