Бастау ауылының №2 ЖОББМ «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық қысқа мерзімді курсы өз мәресіне жетті. Балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру кезеңінде оқу жүйесі ұйымдастырылды. Балалардың мектепте оқуға деген оң көзқарасын, сонымен қатар баланың танымдық белсенділігін , шығармашылық дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылды. Жұмыстың негізгі бағыттары орындалды: математикалық әрекет негіздерін дамыту, балаларды сөйлеу, ойлау, есте сақтау, қол мен саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамыту дегендер.Оқушылар сөздік қорын толықтырып, уақыт ұғымдарын зерделеп,дене шынықтыруға арналған жаттығуларды орындап шықты.Білім беру қызметін жүзеге асыру үшін педагог түрлі оқытудың әдістерін пайдаланып, балалардың оқуға деген ынтасын қалыптастыруға, білуге құмарлық пен шығармашылық дамытуға бағыттады. Ата-аналармен де сауалнама жүргізіліп, баланың мектеп өміріне бейімделуі туралы мәселелері қарастырылды. Ұйымдастырылған курс балалар мен ата-аналар, педагогтерге өте маңызды болып табылды. Жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!
Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина С.Н.