«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ҰБТ-2024"

18.10.2023
Қайырлы таң, еліміздің болашақ студенттері!
 
Естеріңізде болса, жаңа оқу жылының басында «ҰБТ-2024» жаңалықтарын жариялаған болатынбыз. Соның бірі – бейіндік пәндерді біріктіру жобасы. 
 
«В059 – Байланыс және коммуникациялық технологиялар», «В055 – Математика және статистика», «В063 – Электротехника және автоматика» білім беру бағдарламаларының топтарына түсуші үміткерлер «Математика-информатика» комбинациясын тапсыруға міндетті болды. Алайда, болашақ мамандығы ретінде осы мамандықтарды таңдаған көптеген талапкер «Математика-Физика» мамандандырылған пәндер комбинациясынан кетуді сұрады, өйткені олар дайындықты бастап кеткен.
 
Осылайша, біз сіздердің талап-тілектеріңізді ескере отырып, бұл мәселелерді өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдадық. 
 
ҰБТ-ға дайындықты «Математика-Физика» пәндері бойынша жалғастыруға болады.
 
 Сондай-ақ оқу жылының басында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әдебиеттер тізімі мен тапсырмалар құрастырылған тест сұрақтары жарияланғанын атап өткім келеді. «Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи даталардың тізімі, «Информатика» пәнінің терминдер тізімі, «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі берілді және онлайн тестілеу сынақтары іске қосылды.
 
Сонымен қатар, жақын арада тегін онлайн сабақтар басталады. Бұл шаралар ҰБТ-ға дайындықты арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
 
✔️ Сәттілік, жас достар!
Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст