Ел тарихын, ата-бабалардан қалған салт-дәстүрлерін білген бала- болашақтың жан-жақты дамыған , елін-жерін сүйген, халқына адал қызмет атқаратын азамат болып шығады. Тәрбие бесіктен басталады демек, мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 сынып оқушыларын мектеп мұражайына саяхатқа шақырдым. Ата-аналар бұл іс-шараға балаларына ұлттық киім кигізіп жіберді. Мұражайдағы ескерткіш заттар оқушыларды таңқалдыра алды. Атап айтсақ, бұл киіз үйдің құрамы, ішіндегі төсеніштер мен ыдыс-аяқтар,ұлттық киімдер, малшы аталарымыздың пайдаланған ескі заттары, әжелеріміз тоқыған алашалар,қымыз-май жасауға арналған арнайы заттар.
Саяхаттың келесі кезеңі соғыс және соғыстан кейінгі ауылымыздың тіршілігіне арналды. Мұнда балалар Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің суреттерімен, ауыл тұрғындарының еңбегімен, адамдардың марапатталған медальдар, ордендерімен танысты. Қазіргі заманның ауыл көркеюіне қол созып, еңбекқор тұрғындарының жетістіктеріне келесі стенд арналған. Кейбір оқушылар өз аталарын, әкелерін танып, қуанып жатты. Оқушылар өз үлестерін жақсы оқумен, тәртібімен қосамыз деп уәде берді.Балалар тек мұражайдың емес -ел тарихының бетін ашты деп сенемін.
Бастауыш сынып мұғалімі Ербалина С.Н.