«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Бастау отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы оқуға шақырады

07.11.2023

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы төмендегідей мамандандырулар бойынша "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:

ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру;

ІІО жедел-криминалистикалық қызметі (криминалистикалық, дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық зерттеу, суық қаруды зерттеу жүргізуге рұқсат алумен).

ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

- мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту. Тұрмысқа жайлы жатақханада тұру, стипендия алу, тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету, күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендерге (оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі) каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), темiржол және су көлiгiмен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейiн қайтуға жол жүру ақысы төленедi:

- түлектерді арнайы бөлуге сәйкес оларды қызметін өткеруге жіберумен жұмысқа орналастыру;

- оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге "құқық қорғау қызметі бакалавры" біліктілігі берілумен белгіленген үлгідегі диплом беріледі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен "полиция лейтенанты" арнаулы атағы беріледі.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта бiлiмi бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.

ҰБТ тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындарының базасында 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес кез келген нұсқада (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейінді пәнді өз бетінше таңдай алады.  

Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Құжаттар медициналық куәландыруға жолдама алу және қажетті құжаттарды ресімдеу үшін Академияның ресми интернет - ресурсы арқылы (kpa.gov.kz)  "бакалавриат" онлайн сілтемесі бойынша түскен жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

Медициналық куәландырудан, арнайы тексерістен және ҰБТ сәтті өткен оқуға үміткерлер медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелері ескеріле отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Академияның оқу-далалық лагеріне шақырылады.

 

 

 

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст